Жалпы ата-аналар жиналысы » ГККП "Ясли сад №169"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№169 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 399-82-46
Әдіскер:
+7(727) 380-69-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы ата-аналар жиналысы
29
январь
2016

Жалпы ата-аналар жиналысы

Жалпы ата-аналар жиналысы:

Тақырыбы: "2015 жылдың 9 ай ішіндегі қаржының жұмсалу есебі”

Қатысқандар: 1. Балабақша әкімшілігі
2. Балабақша қызметкерлері
3. Балабақша ата-аналары

Күн тәртібінде:

Тренинг: "Топпен сурет салу”.
Психолог: Оналбаева Алтынкул Атабековна.
1. Балабақша туралы мәлімет.

Балабақша меңгерушісі: Сауданова Нургуль Абдивалиевна.
2. 2015 жылдың 9 ай ішіндегі қаржының жұмсалу есебі (кіріс-шығысы).
3. Балабақшадағы өткізілген іс-шараларға тоқталу.

Балабақша әдіскері: Алханова Айнур Торекуловна.

Педагог-психолог: "Топпен сурет салу” тақырыбына жиналған ата-аналармен ойын-жаттығу жүргізді. Қатысушылар қатармен отырғандықтан әр қатарға бір ақ парақ ұсынылды. Суреттібастаған адам тек бір ғана бөлікті немесе бейнені салып қасындағы адамға берді. Ол бір бөлігін салып келесіге жіберді, осылайша барлық топтағы қатысушылар суретті соңғы ойыншыға дейін салып аяқтады. Салынған суретке бірлесіп талдау жасады. Еңбек нәтижесіне қатысушылардың қосқан үлесін айтып, пікір бөлісті. Олардың ойларының үндестігі болғанын, не болмағанын айтып, сурет тақырыбын ашты.

1. Жалпы ата-аналаржиналысын бөбекжай-балабақша меңгерушісі Н.А. Сауданова ашты. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша балабақшаға мәлімет берілді:
Мекен-жайы: Алматы қаласы, "Көкжиек” ықшамауданы, №65 үй,
телефон: 399-82-46. Электрондық пошта:169 detsad_.

Балабақша паспорты:
Пошталық индексі – 050028
Жоба қуаттылығы – 120
Оқыту тілі – қазақша
Ғимарат түрі – 2 қабатты
Жалпы көлемі – 1781,9
Қолдануға берілген жылы – 2011 жыл.

Мектепке дейінгі ұйым музыка залы, әдістемелік, есепші, медбике бөлмесімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, оқшаулау бөлмесі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасақталған. Әр топтарда тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне байланысты білім алуына, жан-жақты дамып, жетілуі үшін дамытушыорталықтармен (ойын бұрышы, денсаулық бұрышы, табиғат бұрышы, кезекші бұрышы)жабдықталған. Сонымен қатар, балабақша ауласындаспорттық ойындарға арналған құрал-жабдықтар, дамытушысанамақтар, әр түрлі мүсіндер, ойыншықтар орнатылған.

Әдіскер бөлмесінде әдістемелік-тәжірибелік жинақтар қоры жинақталған. Және де барлық топтардың әдістемелік құралдары, қазақ ертегілері, санамақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш кітаптары мен күнделікті газет-журналдары толықтырылып отырады.

Музыка залында музыкалық орталық, күйсандық, дауыс күшейткіштер (микрофон), белсенді тақтасымен (интерактивті) жабдықталған. Балаларға арналған музыкалық аспаптар, металлофондар, барабан, ысқырықтар, сылдырмақтар, домбыра бар. Сондай-ақ, дене шынықтыру оқу іс-әрекетіне доптарды, кедергілерді, таяқшаларды, құрсауларды, жұмсақ пішінді ойыншықтарды, жалаушалардықолданады.

Медициналық бөлме алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдармен жабдықталған.

2. Екінші мәселе бойынша 2015 жылдың 9 ай ішіндегі қаржының жұмсалу есебіне тоқталды:

Өнім атауы

9 айға жоспар (мың.теңге)

Жалпы табыс

44806,0

Бюджет

23440,0

Шаруашылық есеп

21366,0

 

 

Бюджет туралы жалпы шығындар

23440, 0

Еңбекақы қоры

15770, 0

Коммуналдық қызмет

1036,0

Шаруашылық тауарлар мен шаруашылық құралдар

871,0

Кеңсе тауарларын сатып алу

334,0

Дәрі-дәрмектер

72,0

Басқа да жұмыстар мен қызметтер

2271,0

Ағымдағы жөндеу жұмысы

2847,0

Басқа қызмет шығындар

239,0

Шаруашылық есеп туралы жалпы шығындар

21366,0

Еңбекақы қоры

2147,0

Коммуналдық қызмет

1282,0

Шаруашылық тауарлар мен шаруашылық құралдар

587,0

Азық-түлік

17971,0

Басқа да жұмыстар мен қызметтер

2031,0

Дәрі-дәрмектер

25,0

Жабдықтар

323,0

 

3. Үшінші мәселе бойынша балабақша әдіскері А.Т.Алханова Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен 2014 -2015 оқу жылының міндеттеріне тоқталып өтті:

1). І кіші тобы - "Алғашқы қадам” бағдарламасы бойынша;
2). ІІ кіші тобы - "Зерек бала” бағдарламасы бойынша;
3). Ортаңғы топ - "Зерек бала” бағдарламасы бойынша;
4). Ересектер тобы - "Біз мектепке барамыз” бағдарламасы бойынша;
5). Мектепалды даярлық топтары - "Біз мектепке барамыз” бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Жылдық міндеттер:

1."Қатынас” білім беру саласы бойынша балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайту.

2."Шығармашылық” білім беру саласы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың эстетикалық талғамдарын дамыту.

Сәуір айында балабақша ата-аналарына 1-ші мамыр "Қазақстан Халқының бірлігі күні” атты мерекелік концерт өткізілді. Әр ұлттың өкілдері: қазақ, орыс, өзбек, татар, грузин және кәріс халықтарының өнерлерімен таныстырып, мәдениеттерін көрсетті. Сонымен қатар, балабақша бүлдіршіндері Жетісу ауданы бойыншабалабақшалар арасында өткізілген "Балапан” байқауына қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Сәуір айының аяғында тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинар ұйымдастырылып, «Қазақстан татулық пен бірліктің мекені» атты тақырыбы бойынша музыка жетекшісі Сарыбаева Тамара Тынышбайқызының жетекшілігімен барлық топтың балалары қатыстырылып, ойын-сауық түрінде өткізілді. Осы семинарда шығармашылық саласы бойынша жапсырудан ашық оқу іс-әрекетін педагог-психолог Оңалбаева Алтынкүл Атабекқызы жоғары деңгейде көрсетті. Ал мамыр айында «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» тақырыбындағы ауданаралық жарыста балабақша педагогтары мен мектепалды даярлық тобының балалары сахналық қойылымды жақсы дәрежеде көрсетіп қайтты.

Осы жылдық міндеттерге сай тақырыптық ашық оқу іс-әрекеттері, ертеңгіліктер өткізіліп отырды. Және де емханамен, мектеппен байланыс жоспар бойынша жүргізілді.

Сөз сөйледі:

1. "Балдәурен” I кіші тобының ата-анасы Киздарбекова Нуржамал Абилхановна балабақша ауласына резина жабындысы төселеді ме деген сұрақ қойды.

2. "Ақ желкен” ересектер тобының ата-анасы Сәрсенбиева Назым Айтбаевна балаларға ағылшын тілі өткізілсе деген өз ұсынысын айтты.

Ата-аналардың сұрақтарына балабақша меңгерушісі Сауданова Нургуль Абдивалиевнаның берген жауабы:

1. Балабақша ауласына резина жабындысын төсеу туралы тапсырыс берілді. Егер бюджет тарапынан қаржы бөлінсе, 2016 жылы төселеді.

2. Ағылшын тілі ақылы түрде өтуі мүмкін. Бірақ, оған барлық ата-аналар келісе бермейді. Штаттық кестеге сай ағылшын тілін өткізу қарастырылмаған.

3. Жиналған ата-аналар атынан «Балдәурен» I кіші тобының ата-анасы Тынышбайқызы Аяулы және «Ұлар» ортаңғы тобының ата-анасы Қалаубаева Айнұр өткізіліп отырған бұл есеп жиналысына және балабақша ұжымының жұмысына өз ризашылықтарын білдіре отырып, меңгерушінің балабақшаның кіріс-шығыс қаражаттары жайлы жан-жақты түсіндіріп өткеніне, бүлдіршіндерге беріліп отырған білім мен тағылымы мол тәрбиесі үшін алғыстарын білдірді.

 

Шешімі:

1. Ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезіну, бұдан кейін де қаржылық есеп беріп отыру.

2. Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу. Мектепке дейінгі мекеме жұмысын одан әрі жетілдіру.

Жалпы ата-аналар жиналысы

 

Жалпы ата-аналар жиналысы

 

 Жалпы ата-аналар жиналысы

 

Жалпы ата-аналар жиналысы

 

Жалпы ата-аналар жиналысы

 

 

 

 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив