12
декабрь
2025
«Мектепалды топ балаларымен мазмұнды рөлдік ойындарын ұйымдастыру»
Алматы қаласы Жетісу ауданы №169 бөбекжай-балабақшасында өткен қалалық семинар
Тақырыбы: «Мектепалды топ балаларымен мазмұнды рөлдік ойындарын ұйымдастыру»
Жауапты тәрбиешілер: Қаниқызы Сания, Болтаева Айдана Бакытовна
Музыка жетекшісі: Серикова Анар Асхатқызы
Алматы қаласы Жетісу ауданы №169 бөбекжай-балабақшасында мектепалды топ тәрбиеленушілерімен мазмұнды рөлдік ойындарды тиімді ұйымдастыруға арналған қалалық семинар жоғары деңгейде өткізілді.
Семинарға Құзыреттілік орталықтардың мектепалды топ тәрбиешілері.
Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы – Серикова Дидар Сериковна
Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскері – Сатыбалдиева Жазира Бескемпировна
Жетісу аудандық әдістемелік бірлестік мүшелері, мобильді топ мүшелері қатысты. Іс-шара барысында тәрбиешілер балалармен ұйымдастырылған мазмұнды рөлдік ойындардың маңыздылығын тәжірибе жүзінде көрсетті. Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынас жасап, түрлі әлеуметтік рөлдерді (дәрігер, құрылысшы, аспаз, шаштараз және мектеп )сомдау арқылы өмірлік жағдаяттарды бейнеледі.
Ұйымдастырылған мазмұнды рөлдік ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне сай, қызықты әрі мазмұнды өтті. Рөлдік ойындар арқылы балалардың сөйлеу мәдениеті, ойлау қабілеті, қиялы мен өз бетімен шешім қабылдау дағдылары қалыптасты. Сонымен қатар, ойын барысында балалардың топта жұмыс жасау, бір-бірін тыңдау және сыйлау қабілеттері айқын байқалды.
Семинар соңында қатысушылар ашық көрсетілімге жоғары баға беріп, мазмұнды рөлдік ойындарды күнделікті оқу-тәрбие процесінде тиімді қолдану бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Іс-шара педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға зор мүмкіндік берді.