Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған! "Балбөбек" ортаңғы тобы
Балалар мерекеге безендірілген залда орыңдықтарыңда отырады.
Жүргізуші: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1.Алақай – алақай 2.Көрініп еліме,
Шаттанды балақай Күндері мереке
Береке – салты күз Келді ғой жеріме
Мереке – Алтын күз Күз дейтін мереке.
3.Келді күз. 4.Құстар қайтты ән салып,
Санайбер Қарай бер Бұлт торлады аспанды
Бояуы жүз Қыс келеді жар салып,
Келді күз. Күзгі суық басталды.
5Сап - сары маңай, 7. Жеміс-жидек пісті,
Сап - сары тоғай. Қамбаға астық түсті.
Соңғы әнін айтып, Қызу жұмыс басталып,
Құс кетті қайтып. Жинап алды жан салып.
6. Көрініп еліме 8Қарашы күз келді, күз келді
Күндері мереке. Жапырақ жауыпты іздерді.
Келді ғой жеріме Құс біткен керуен тізеді,
Күз дейтін мереке. Қара бұлт қабағын түеді
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Бұлдіршіңдеріміздің биіың қабыл алыңыздар!
(Раз ладошка два ладошка)
Жүргізуші:Қане, балалар, осындай молшыглық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады.Ойынның шарты бойынша себетке жапырақтарды жинаймыз.
Ойын «Кім жылдам?»
Жүргізуші: Жарайсындар бір тынығып алдық .Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше Алтын күзді ортаға шақырайық.
Алтын Күз
(алтын күз кіреді)
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Армысыздар,құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Жүргізуші: Жоғары шығыныз, Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз балалардың өнерін тамашалаңыз.
9.Ел егінді жинайды, 10.Aлтын, сары, қызыл, көк
Қырманға дән сыймайды Алуан, алуан жапырақ.
Біздің дала – бай дала Күзгі бақта күлімдеп
Алтын астық айнала. Көз тартады жапырлап.
11.Берекесін сыйлауға 12. Жайдарыкүз,жомарт күз,
Өлкемізге күз келді. Аяулы күз,алтын күз
Жемістерін жинауға Дәнге толы кең далам
Шақырады біздерді. Дариядай шалқып жүр
13. Астық - жеміс жиылды. 14.Сау - сау етіп жапырақ
Қамбамызға құйылды. Сабағынан үзілді
Ардақты күз - мың алғыс. Қоңыр тартып атырап
Алдық өнім сыйыңды. Көкте құстар тізілді.
Күз : - Рахмет, балалар ! Мен сендерге бос келген жоқпын, ойын алып келдім
Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: күн деген кезімде осы әдемі залда серуенге шыгамыз, ал жаңбыр десем қолшатырымның астына жасырынамыз.
Ойын "Жаңбыр мен кун".
Жүргізуші: Енді санырауқұлақтар биі қабыл алыздар.
Би " Мухоморчики"
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақтар:
15.Сары алтындай сары күз 16.Сары ала тон жамылған
Бірге шырқар әніміз Күз атамыз секілді
Жаздай күткен бәріміз Қойны толы дәмді нан
Келді міне алтын күз Тәттісі көп не түрлі
17.Күз айлары тамаша, 18..Ой, балалар, балалар,
Сабан тойы жараса. Қоңырқай күз болыпты
Жемісін мол сыйлаған, Қурап жапырақ солыпты
Қыркүйек, қазан, қараша. Ел егінін орыпты
19.Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді
Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.
20.Күзім –ау, күзім- 21.Алтын, сары, қызыл, көк
Мінезің бұзық-ау. Алуан, алуан жапырақ.
Жаңбырың сіркіреп, Күзгі бақта күлімдеп
Келгенің қызық-ау! Көз тартады жапырлап
22.Күзде жауын,бұлт,тұман, 23. Жапырақ ұшты,
Сары жапырақ жауады! Суық та түсті.
Сары құйын ұйытқан, Сонда да бізге
Сапырады ауаны. Қызық көп күзде
Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше
Би өнеріне кезегін.
Би " Я с листочками хожу" бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.
Күз : Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүр: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып».
1.Алақай – алақай 2.Көрініп еліме,
Шаттанды балақай Күндері мереке
Береке – салты күз Келді ғой жеріме
Мереке – Алтын күз Күз дейтін мереке.
3.Келді күз. 4.Құстар қайтты ән салып,
Санайбер Қарай бер Бұлт торлады аспанды
Бояуы жүз Қыс келеді жар салып,
Келді күз. Күзгі суық басталды.
5Сап - сары маңай, 7. Жеміс-жидек пісті,
Сап - сары тоғай. Қамбаға астық түсті.
Соңғы әнін айтып, Қызу жұмыс басталып,
Құс кетті қайтып. Жинап алды жан салып.
6. Көрініп еліме 8Қарашы күз келді, күз келді
Күндері мереке. Жапырақ жауыпты іздерді.
Келді ғой жеріме Құс біткен керуен тізеді,
Күз дейтін мереке.Қара бұлт қабағын түеді
9.Ел егінді жинайды, 10.Алтын, сары, қызыл, көк
Қырманға дән сыймайды Алуан, алуан жапырақ.
Біздің дала – бай дала Күзгі бақта күлімдеп
Алтын астық айнала. Көз тартады жапырлап.
11.Берекесін сыйлауға 12. Жайдарыкүз,жомарт күз,
Өлкемізге күз келді. Аяулы күз,алтын күз
Жемістерін жинауға Дәнге толы кең далам
Шақырады біздерді. Дариядай шалқып жүр
13. Астық - жеміс жиылды. 14.Сау - сау етіп жапырақ
Қамбамызға құйылды. Сабағынан үзілді
Ардақты күз - мың алғыс. Қоңыр тартып атырап
Алдық өнім сыйыңды. Көкте құстар тізілді.
15.Сары алтындай сары күз 16.Сары ала тон жамылған
Бірге шырқар әніміз Күз атамыз секілді
Жаздай күткен бәріміз Қойны толы дәмді нан
Келді міне алтын күз Тәттісі көп не түрлі
17.Күз айлары тамаша, 18.Ой, балалар, балалар,
Сабан тойы жараса. Қоңырқай күз болыпты
Жемісін мол сыйлаған, Қурап жапырақ солыпты
Қыркүйек, қазан, қараша. Ел егінін орыпты
20.Күзім –ау, күзім- 21.Алтын, сары, қызыл, көк
Мінезің бұзық-ау. Алуан, алуан жапырақ.
Жаңбырың сіркіреп, Күзгі бақта күлімдеп
Келгенің қызық-ау! Көз тартады жапырлап
22.Күзде жауын,бұлт,тұман, 23. Жапырақ ұшты,
Сары жапырақ жауады! Суық та түсті.
Сары құйын ұйытқан,Сонда да бізге
Сапырады ауаны.Қызық көп күзде